Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Президент Жолдауынан кейінгі ойлар...

Баршамызға белгілі 2018 жылдың 10 қаңтарында Елбасы Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жеткізді. Жаңа жолдаудың елімізде бұған дейін қабылданған Стратегиялық құжаттармен үндестігі, логикалық бірлігі, әрі жалғастығы байқалады.

Елбасының осыған дейінгі 22 Жолдауында да ерекше назарға алынған маңызды мәселенің бірі – Білім саласындағы жаңарулар мен жаңғыртулар. Н.Ә.Назарбаевтың осы Жолдауындағы білім саласына қатысты тезистік ойларын назарға алайық: «Білім беру жүйесін, коммуникация мен стандарттау салаларын жаңа индустрияландыру талаптарына бейімдеу қажет болады...

Кешенді ақпараттық-технологиялық платформаларды белсенді түрде енгізу қажет. Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет...

Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу және мектептерімізді видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру қажет. Орта мектеп пен колледждер және жоғары оқу орындары үздік оқытушыларының видеосабақтары мен видеолекцияларын Интернетте орналастыру керек».

Демек, отандық ЖОО-на тез арада білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту, өндірісті технологияландыру талаптарына оңтайландыру қажеттігі туындайды. Әрі кешенді ақпараттық-технологиялық платформаларды пайдалануды жандандыру жөнінде жоспарлы жұмыстар атқарылуы тиіс.  Жоғары білім алушылардың Edх, Coursera т.б. Бұқаралық ашық онлайн курстар арқылы әлемдік деңгейдегі озық білім алуына жол ашатын нақты қадамдар жасалуы қажет.

Бұл өз кезегінде профессор-оқытушылық құрамның IT-құзыреттілігін арттыру мәселесін күн тәртібіне қояды. Білім саласындағы басымдық берілетін бағыттар осыған дейін білім беру мекемелерінде бастама ретінде көтеріліп, тіпті  жүргізіліп те келеді. Осы ретте, айта кетейік, біздің университетте де  Бұқаралық ашық онлайн курстарын ұйымдастыруды жолға қою жоспарлануда.

Университеттің өз ішінде «Электронды оқу ресурстарын жасау», «Қазіргі оқытушының IT-құзыреттілігі» тәрізді курстар өткізілуімен қатар, мамандарды жетекші оқу орындарына біліктілігін көтеруге жіберу жүзеге асырылуда. Мәселен,  қаңтар айының басында біздің әріптестеріміз Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастырған «Бұқаралық ашық онлайн курстар: жасау, пайдалану» атты  біліктілікті арттыру   курстарынан өтіп келді. Болашақта оқу үдерісінде Бұқаралық ашық онлайн курстарын жасауға қажетті материалдық-техникалық базаны қалыптастыру, ПОҚ арналған семинарлар-тренингтер өткізу жоспарланып отыр.  

Президент атап өткен нақты қадамдардың бірі – жаңартылған білім мазмұнына көшу.

Бұл жөнінде Елбасы: «Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады. Бұл – мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар. Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады», - деп атап көрсетті. Бұл ретте, біздің ЖОО-да 2016, 2017 жылдары жаңартылған білім мазмұнына көшуге байланысты бағдарлама бойынша 29 оқытушы, ал үстіміздегі жылы 9 маман өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіруге жіберілгенін айтып өткім келеді. Әрине, университетіміздегі барлық оқытушылар санына шаққанда бұл көрсеткіш әлі де болса аз екенін мойындауымыз керек.

Дегенмен бұл бағыттағы жұмыс жыл көлемінде жоспарлы түрде жалғасатын болады. Қазіргі уақытта кафедралар министрлік тарапынан жолданған «Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыру курсының Бағдарламасын» талқылау үстінде.

Бағдарламаға қатысты толықтыруларымыз бен ескертпелерімізді ұжымдық пікір ретінде жолдаған соң, аталмыш бағытта нақты жұмыстар жүргізілмек.

Кеше ғана өткен Жаңартылған білім мазмұнына көшуге қатысты жұмыс тобының отырысы осы істің бір көрінісі болды.

 

Б.Келгембаева,

Біліктілікті бекіту орталығының директоры

 

 

 

 

Қазақ
× You found a Typo