Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Президенттің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы жарияланды

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы жер-жерлерде қызу талқылану үстінде.

Президент мақаласының алғашқы бөлімі «Бағдар мен белес» деп аталып, онда осы күнге дейін елімізде атқарылған дүние сараланады. «Алғашқы онжылдықта Қазақстан іргетасын қаласа, екіншісінде керегесін кеңейтіп, тарихын түгендеуге, шекарасын шегендеп, инфрақұрылымдық жобаларға баса мән берді. Үшінші онжылдықта еліміз индустриялық-инновациялық даму жолын таңдады. Ал алдағы төртінші онжылдықтағы міндет – қуатты елдің иесі және кемел халық болу», – дейді Қасым-Жомарт Кемелұлы. 

«Таным мен тағылым» деп аталатын екінші бөлімде тарихты түгендеп, келер ұрпаққа қалдырар Мәдени мұраға басымдық берілген. Президент азаттықтың ақ таңы оңай келмегенін айта келе, осы құндылықты бағалай білу үшін құзырлы органдар мен отандық телеарналарға мемлекеттік тапсырыстың белгілі бір бөлігін міндетті түрде тарихи тақырыптарға бағыттауды тапсырды. «Алмас қылыш», «Жау жүрек мың бала», «Томирис», «Кейкі батыр», «Тар заман» сияқты тарихи туындылармен шектелмей, ауқымды фильмдерге арқау болатын шежіреміздегі маңызды белестер мен оқиғаларға мән беру керек», – дейді Мемлекет басшысы.

«Қоғам мен құндылық» деп аталатын үшінші бөлімде «Егемендігіміздің мәңгілік үштағаны – Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейін кең көсілген байтақ жеріміз, ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған қастерлі тіліміз және барлық қиындықтардан халқымызды сүріндірмей алып келе жатқан береке-бірлігіміз. Біз осы үш құндылықты көздің қарашығындай сақтаймыз», – дейді Президент.

Ал мақаланың соңғы төртінші бөлімі «Ұлағат пен ұстаным» деп аталып, азаматтық қоғамды дамыту мен саяси реформаларды жалғастыруға арналады. Білім мен біліктің дәуірі – ХХІ ғасырда қазақ халқы да технологиядан қалыспай, әр адам өзін жетілдіріп, жаңа кәсіпті игеріп, ел дамуының басты қозғаушы күші болуы тиіс. Ал ондай азаматтарға қамқор болу – мемлекеттің міндеті. Тәуелсіздіктің құрдастары орда бұзар отыз жасқа келіп отыр. Сондықтан Президент талантты, талапты буынға сенім артып отыр. Ал басты ұран «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деген ұғым болмақ.

«Ұлтымыздың ұлы ұстанымы – қастерлі Тәуелсіздігіміздің барша жұртымыздың патриоттық рухымен асқақтай берсін!», – деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

Осы мақаланың толық мәтінімен 5 қаңтар 2021 жылғы «Egemen Qazaqstan» газетінен университет кітапханасының мерзімді басылымдар залына келіп, немесе https://egemen.kz/pdf/8839-229981 сілтемесі бойынша оқуларыңызға болады.

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo