Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Профессор Алшановтың әлем экономикасының мәселелері туралы дәрісі ШҚМУ студенттерінің асқан қызығушылығын туғызды

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Қазақстан ЖОО-лар қауымдастығының төрағасы, «Тұран» университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы Рахман Алшанов дәріс оқыды.

Рахман Алшанова барлық мамандықтардың студенттеріне әлем экономикасының мәселелері және оны шешу жолдары туралы айтып берді.

– Бүгінде әлем экономикасының мәселелері өте өзекті әрі күрделі. Саясат және қоғам қайраткерлері осы проблеманы үнемі назарда ұстап келеді. Елбасының бастамасымен Қазақстан да аталмыш мәселелерді шешуге атсалысуда. Кез келген сала қаржыны қажет ететінін білеміз, яғни кез келген сала экономикалық аспектіге ие. Сол себепті барлық студенттерге де экономика проблемаларының туындау себептерін білуі маңызды деп санаймын, – дейді ғалым.

Дәрісте Алшанов криптовалюталар мен блокчейндердің әсерін айтып, жылдам өзгермелі экономикаға жылдам бейімделу қажеттігін атап көрсетті. Бәсекеге қабілетті өнім шығара отырып, экономиканың әлеуетін тиімді пайдалану керектігіне көңіл аудартты.

Студенттер халықаралық сауда, ішкі туризмді дамыту, Қазақстанның әлем экономикасындағы орны туралы сұрақтар қойды.

Әлбетте, дәрістен студенттер дүниетанымын кеңейтіп, соңғы білімдерді ала алды.

Экономика және құқық  факультеті,

баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo