Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Профессор А.Жанбосынова 1920-50 жылдардағы саяси қуғын-сүргін туралы жаңа кітабын ШҚУ-дың Ғылыми кітапханасына сыйлады

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Абай академиясы» ҒЗИ-ның бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Альбина Советқызы Жанбосынова С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Ғылыми кітапханасына Семей қаласындағы «Интеллект» баспасынан биыл шыққан «Прошу снять с меня незаслуженное клеймо 58-й статьи»: эго-документы в истории политического террора в Казахстане» монографиясын сыйға тартты.

«Соғысқа дейінгі жылдары көптеген жазықсыз адамдардың жаппай қырылуына кім кінәлі – ел басшылығы, жергілікті билік, идеология немесе адамдардың өздері?» Бұл сұрақтарға шынайы жауап беруге тырысу мұрағаттардан ақпарат іздеуге әкелді.

Қазақстандық тарихнамада алғаш рет саяси қуғын-сүргін тарихы эго-құжаттарда, жеке әңгімелерде көрсетілген. Жеке шағын сюжеттермен ұсынылған саяси террордың дискурсы қуғын-сүргінде болған Кеңес дәуіріндегі қарапайым адамдарың белгісіз тағдырын көрсетеді. Саяси қуғын-сүргін құрбандары мен олардың ұрпақтарының хаттары – бұл күнделікті қорқыныш тарихының көрінісі, РСФСР Қылмыстық кодексінің әйгілі 58-бабынан зардап шеккен бірнеше ұрпақтың отбасылық қайғысы.

Әр хат – өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге деген үміт. Мысалы, сотталған Ш.Нұрқайдаровтың істі қайта қарау туралы Сталинге шағымы:

«Иосиф Виссарионович, мен 1912 жылы кедей шаруа отбасында дүниеге келгем, 1924 жылдан бастап ауыл мектебінде оқып, педагогикалық техникумды бітірдім. Комсомолға түсіп, 1931 жылы партия мүшелігіне қабылдандым. 1937 жылы 10 қарашада мені тұтқындап, ұлттық фашистік контрреволюциялық ұйымның мүшесі ретінде 10 жылға соттады. 4 күн бойғы азаптау, ұрып-соғу, қорлауға шыдамай алдын ала жазылғанның бәріне қол қойдым...».

Кітаптың беттері – бұл заңсыздық пен сот озбырлығының кесірінен атылып, еңбекпен түзету лагерлеріне жіберіліп, шалғай, әдетте солтүстік және шығыс өлкелерге жер аударылып, барлық құқықтары мен мүліктерінен айырылған, отбасымен бірге туған жерінен қуылған адамдар үшін ортақ азап.

Қуғын-сүргіннің қорқынышын ақтауға және халық жадынан алып тастауға болмайды. Біздің тарихымыздың беттері қаншалықты қайғылы болса да, бәрін білуіміз керек, өйткені бұл – біздің тарихымыз. Өкінішке қарай, Қазақстандағы саяси террор тарихы әлі толық жазылмаған. НКВД, ІІМ құжаттарының басым бөлігінде «аса құпия» деген белгі бар.

ШҚМУ Ғылыми кітапханасының ұжымы профессор Альбина Жанбосынова монографиясы үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Басылым кітапхана қорынан лайықты орын алады.

Баспасөз қызметі

 

 

Қазақ
× You found a Typo