Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Профессор Марат Түсіпжанұлы Мағзұмовты еске алу

Біздің аға әріптесіміз, тәжірибелі оқытушы, жастар тәлімгері, талантты ғалым, өз мамандығына адал жан – тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, С. Аманжолов атындағы ШҚУ ардагері Марат Түсіпжанұлы Мағзұмов өмірден озды.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұжымы Марат Түсіпжанұлы Мағзұмовтың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.  

Марат Түсіпжанұлы 1940 жылы 20 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бестерек ауылында дүниеге келген.

1966 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-ді «Тарих» мамандығы бойынша бітіріп, 1977 жылы тарих бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

1966 жылдан 1969 жылға дейін Ұлан ауданы комсомол комитетінің хатшысы болып жұмыс істеді.

Ал 1969 жылдан бастап Марат Түсіпжанұлы Мағзұмов С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде 50 жыл жұмыс істеді. Ғалым-саясаттанушы Марат Түсіпжанұлы Мағзұмов – 120-дан астам ғылыми-әдістемелік еңбектің, оның ішінде 6 монографияның авторы. Ағымдағы жылдың қаңтар айында ЖОО-да Марат Түсіпжанұлы Мағзұмовтың 80 жылдығын мерекелеу аясында оның жаңа кітабы таныстырылды.

Жоғары мектеп жүйесіндегі көпжылдық және жемісті еңбегі үшін университеттің мемлекеттік наградалары мен грамоталарымен марапатталған.

С. Аманжолов атындағы ШҚУ ұжымы өмірден өткен әріптесі қайғыра еске алады. Ол кісі біздің жадымызда әрдайым кәсібилік пен парасаттылықтың, өмірлік даналық пен адалдықтың жарқын үлгісі болып қала бермек.

С. Аманжолов атындағы ШҚУ ұжымы

Қазақ
× You found a Typo