- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
ШҚМУ біліктілікті растау Орталығында «психология» мамандығының студенттері үшін арнайы ұйымдастырылған, «Замануи кадр қызметін ұйымдастыру» тақырыбында курстар өтті.
«Заң психологиясы» және «Медициналық психология» мамандығының 2 және 3 курс студенттері бизнес-психология саласында қосымша білім алуды ұйғарды.
23 сәуірден бастап психолог-студенттер 24 сағат көлемінде практикалық сабақтар мен тренингтерді меңгерді. Курс шеңберінде ҚР заманауи кадр қызметін құқықтық және нормативтік қамтамасыз ету мәселесі қаралды.
Аталған курстардың негізгі мақсаты студенттердің бизнес-психология саласындағы кәсіби қабілеттері, білімдері тақырыптық бағыттар бойынша дағдыларын құру.
Біліктілікті растау орталығы