Психология, педагогика және мәдениет факультетінің деканаты және жастар ісі жөніндегі комитеті 16 қыркүйекте 1 курс студенттерімен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу мақсаты адалдық туралы әңгімелесу болды. Студенттерге адалдықтың негізгі принциптері түсіндіріліп, қоғамда жемқорлыққа деген нөлдік төзімділікті қалыптастыруға назар аударылды.
Сондай-ақ, адалдық принциптерін орындау және насихаттаудағы жастардың рөлі және отансүйгіш тұлғаларды тәрбиелеудің, сыбайлас жемқорлыққа деген жеккөрушілікті қалыптастырудың маңызы аталып өтті.
Кездесу «ашық микрофон» форматында өтті, студенттер сұрақ қойып, толымды жауаптар ала алды.
Баспасөз қызметі