- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
29 қаңтар күні психология, педагогика және мәдениет факультетінде №2 оқу ғимаратында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «4-ші индустриалдық революция жағдайында жаңа даму мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға Психология, педагогика және мәдениет факультетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.
Психология, педагогика және мәдениет факультетінің деканы өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының басымдықтарын атап өттіп, білім берудің жаңа сапасына тоқталды.
Психология, педагогика және мәдениет факультетінің деканның оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары Айльбаева Қ.Д «Адам капиталы - жаңғырту негізі», психология, педагогика және мәдениет факультетінің деканның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Байдрахманов Д.С «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және құқық үстемдігі», «Алғашқы әскери дайындық» мамандығының 3 курс студенті Алишер Мұхамедғалиев «Смысл программы «Рухани жаңғыру», «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4 курс студенті Турсунов Ембек «Зиялы ұлттың ақылды қалалары» атты тақырыптарға баяндама оқытылды.
Қорытындылай келе факультет деканы Куленова Г.Б. Университет қазіргі уақытта Жолдауды жүзеге асыруға жоспарын әзірлеуде екенін тусіндіріп өтті.
Психология, педагогика және мәдениет факультеті