Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Психология, педагогика және мәдениет факультетінің әдістемелік онкүндігі аяқталды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да 30 сәуір күні Психология, педагогика және мәдениет факультетінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына сапалы біліммен» атты әдістемелік онкүндіктің жабылу салтанаты өтті.

Факультет деканы Г.Б.Куленова өткен онкүндіктің қорытындысын шығарды, оның аясында түрлі іс-шаралар өткізілді – ашық сабақтар, дөңгелек үстелдер (кәсіби, идеологиялық, тәрбиелік, кәсіптік бағдар беру сипатындағы), викториналар, зияткерлік конкурстар, оқу-әдістемелік семинарлар, оқытушылардың көпшілік дәрістері.

Музыкалық білім беру және алғашқы әскери дайындық кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы Д.С. Байдрахманов пен деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары А.М. Бөлекпаев барлық әріптестеріне, қатысушыларға, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo