С.Аманжолов атындағы ШҚУ Психология және коррекциялық педагогика кафедрасының кураторлары «Дефектология» және «Психология» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын 1 және 2 курс студенттерімен «Мен Тәуелсіз ел ұрпағымын» онлайн тәрбие сағатын өткізді.
Кураторлық сабақта студенттер мультимедиялық презентациялар мен слайдтар арқылы тәуелсіз елдің және осы елдегі өздерінің жетістіктерін көрсетуге тырысты.
– Ғасырлар бойы ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздікке бүгінгі ұрпақтың қолы жетті. Тәуелсіздіктің арқасында іргеміз бүтінделіп, еңсеміз көтерілді. Ұлы дала төсінде ынтымақ пен береке орнады. Бүгінгі жетістіктеріміз – еліміздің өркениетті дамуының нәтижесі, озық білім мен ғылымды игерген жастар – еліміздің ертеңгі тірегі! – дейді рухани тағылымға мол тәрбие сағатын қорытындылаған жастар.
Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы