С.Аманжолов атындағы ШҚУ Психология және коррекциялық педагогика кафедрасының оқытушылары облыс және Өскемен мектептерінің түлектерімен онлайн кездесу өткізді.
Психология және коррекциялық педагогика кафедрасының өкілдері Өскемен қаласы №29 қосымша білім беру мектеп-орталығының, Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейдің, Ахмер орта мектебінің, Аягөз қалалық көпсалалы мектеп гимназиясының, Шілікті орта мектебінің 11 сынып оқушыларымен кездесті.
Талқылау барысында кафедра мамандықтары, қабылдау шарттары айтылды.
География пәнінің мұғалімі К.К. Демчинов айткандай, қазіргі жағдайда түлектерге білім беру қызметтері нарығын түсіну және дұрыс кәсіби жолды таңдау үшін аймақтық жоғары оқу орындарының ерекшеліктері туралы көбірек білу қажет.
Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы