Университет ректоры Мұхтар Төлеген бірқатар құрылымдық бөлімшелер орналасқан №3 оқу ғимаратында болды.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген Жоғары колледждің оқу дәрісханалары, Жастар ісі жөніндегі комитет, медициналық бекет, Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі, кітапхана және өзге құрылымдар орналасқан №3 оқу ғимаратында болды.
Ғимаратты аралау барысында ректор студенттермен жүздесті, ол жастарды басқа пәндермен қатар тілдерді де белсенді меңгеруге, спортпен шұғылдануға шақырды.
Баспасөз қызметі