- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінде ректор М.Ә. Төлегеннің оқытушылармен кездесуі болды.
Кездесу алдында ректор М.Ә. Төлеген ғылыми-өндірістік кешеннің орынжайларын аралап, кешен құрал-жабдықтарымен, факультет ғалымдары енгізіп жатқан жобалармен танысты.
Кездесу басында факультет деканының міндетін атқарушы Салтанат Айтқожина кафедралар, мамандықтар және білім бағдарламалары туралы айтып берді.
Бұдан соң оқытушылар сұрақтар қойып, мәселелерімен бөлісті, ұсыныстарын жеткізді, кафедраларда іске асырылып жатқан ғылыми-білім беру бағдарламалары туралы айтып берді. Айталық, компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Жеңіскүл Жанатасова түлектер жасаған виртуалдық мұражай, роботты техника кабинеті, ТФжХҚФ («Цифрлық гуманитаристика») және ППжМФ-мен бірлескен бағдарламалар туралы баяндады.
Баспасөз қызметі