С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры М.Ә. Төлеген және СДжҒЗ жөніндегі проректор И.В. Ровнякова ұжым атынан ғылым мен педагогиканың нағыз шеберлері – профессорлар Иван Аникеевич Полтаранин мен Марат Түсіпжанұлы Мағзұмовты үйлеріне барып, Қарттар күнімен құттықтады.
Ардагерлер мен қонақтар Шығыс Қазақстан университеті туралы жалпы ой-пікірлерімен, жылы естеліктерімен, университеттің бүгіні мен болашаққа деген жоспарларымен бөлісті (С. Аманжолов атындағы ШҚУ-ға қыркүйек айында 68 жыл толған болатын).
– Әрдайым денсаулықтарыңыздың мықты болуын, жігерлі де қуатты болып жүре берулеріңізді тілейміз! Сіздер біз үшін қашанда даналықтың, ғылым мен тәжірибенің баға жетпес қазынасы болып табыласыздар. Мерекелеріңізбен! – деген ректор М.Ә. Төлеген ардагерлерге ұжым атынан сыйлықтар тарту етті.
Құрметті біздің ардагер-ұстаздар, ғұмырларыңыз ұзағынан, көрер қуаныштарыңыз молынан болсын!
Баспасөз қызметі