Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ректордың студенттермен кездесуі пікіралмасу форматында өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген студенттермен кездесті. Бастамашысы ректордың өзі болған аталмыш кездесу сұрақ-жауап форматында өтті.

Әкімшілік ғимараттың акт залында «еркін микрофонмен» қатар сұрақтар мен ұсыныстарға арналған жәшіктер орнатылды.

– Елбасы бес бастамасында атап өткендей, 2018-2019 оқу жылында жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша тағы 20 мың грант бөлінбек, оның 11 мыңы сұранысқа ие техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды оқытуға бағытталады. Біз осы жылы университетімізде психология, юриспруденция, спорт және өзге салалар бойынша 20 шақты жаңа, сұранысқа жоғары мамандықтар ашқымыз келеді. Оқу орнымыздың басты назарында – студент, – деп қадап айтты ректор.

Бұдан соң ректор спортта, атап айтсақ VII қысқы Универсиадада ғылым мен шығармашылықта жетістікке жеткен студенттерді марапаттады. Олардың арасында Федор Суханов, Александр Мирошниченко, Анастасия Огнева, Полина Галитовская,  Егор Павленко, Николай Немцев, Алина Белан, Рамазан Зейдалиев, Татьяна Екимова, Виктория Мамонтова, Никита Соколов, Елена Гирева, Кристина Скрипченко, Ахат Қаматаев, Ерасыл Қабдуәлиев, Нәзира Сағымғалиева, Жандос​ Икрамқұл, Айбол Сләмбеков, Сергей Герц, Дина Мырза және басқалар бар.

Университет белсенділері өздері жетекшілік ететін студенттік құрылымдардың жұмысы туралы айтты. Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Әбілқайыр Батырбай, «Жас Отан» қанатының төрағасы Қайыржан Басбақбаев, «Авангард» студенттік театрының жетекшісі Никита Дерябин, қол күресінен Универсиада чемпионы Алина Белан, «Ділмар» пікірсайыс клубының үйлестірушісі Әділ Қабандаев сөз сөйлеп, оқу орнында студенттердің дамуына жағдай жасалғанын тілге тиек етті.

Келесі кезек сұрақтарға берілді, студенттер грант бөлу, ғимараттардағы оқу жағдайы, тұрмыстық түйткілдер, бос уақытты ұйымдастыру, спортпен шұғылдану, айталық колледжде спорт залының жоқтығы сынды мәселелерді көтерді.

Оқу ақысына жеңілдік жасау туралы сұраққа жауап берген ректор қазіргі кезде мұндай ереженің әзірленгенін, жуырда ол құжаттың Ғылыми кеңесте бекітілуі тиіс екенін жеткізді.

Кездесу студенттер қойған концертпен аяқталды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo