Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ресей профессоры И.Таранова ШҚУ студенттері мен магистранттарына дәріс курсын бастады

Смоленск мемлекеттік университетінің профессоры, э.ғ.д. И.В.  Таранова «Қаржы», «Мемлекеттік аудит», «Есеп және аудит», «Экономика», «Менеджмент», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламалары бойынша бакалавриат және магистратура білім алушыларына дәріс оқуда.

БҒМ "Қазақстан жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдарды тарту" бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қаржы және есеп кафедрасы Экономика және құқық факультетінің білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистранттарына Смоленск мемлекеттік университетінің (РФ) жетекші оқытушысы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ирина Викторовна Таранованың «Экономиканы реттеудің қаржылық және ақша-кредит әдістері» дәрістерін ұйымдастырды.

Бір ай ішінде студенттер отандық және шет елдердің экономикасын, ақша-несиелік реттеу негіздерін үйренуге тамаша мүмкіндік алады. Ресейлік ғалым, жетекші диссертациялық кеңестердің мүшесі, РФ ЖАК экономика бойынша редакциялық журналдарының мүшесі И.В. Таранованың жетекшілігімен білім алушылар кейстер дайындап, жобаларды қорғайтын болады.

Қаржы және есеп кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo