Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ресейлік АлтМУ профессоры ШҚУ магистранттарына арналған онлайн курсты оқи бастады

ЖҒжТФ Математика кафедрасында Алтай мемлекеттік университетімен (Ресей, Барнаул қ.) бірлескен білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аясында техника ғылымдарының докторы, теориялық кибернетика және қолданбалы математика кафедрасының профессоры Николай Оскорбинның онлайн дәрістері өтуде.

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің Математика кафедрасында Алтай мемлекеттік университетімен «Қолданбалы математика және информатика» бағыты бойынша және 7М060100-Математика және 7М010900-Математика мамандықтары бойынша «Экологиядағы және табиғатты пайдаланудағы математикалық әдістер мен ақпараттық технологиялар» бірлескен білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аясында техника ғылымдарының докторы, Алтай мемлекеттік университеті (Ресей, Барнаул қ.) теориялық кибернетика және қолданбалы математика кафедрасының профессоры Николай Михайлович Оскорбин 7М010900-Математика, 7М06102-Ақпараттық жүйелер, 7М06101-Информатика білім бағдарламаларының магистранттарна онлайн лекция жүргізуде. Онлайн лекция 5 желтоқсанға дейін жалғасады.

Университет қолдауының арқасында бұл бірлескен білім беру бағдарламасы 2017 жылдан бастап жүзеге асуда, алғашқы түлектер 2019 жылы тамамдады.

Аталған фактілер Алтай мемлекеттік университеті мен С. Аманжолов атындағы ШҚУ арасындағы жоғары білім беру және көрсетілетін білім беру қызметтерінің спектрін кеңейту саласындағы өзара тиімді халықаралық ынтымақтастықты көрсетеді.

Математика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo