- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Математика кафедрасына академиялық ұтқырлық бойынша дәрістер оқуға және консультация жүргізуге Алтай мемлекеттік университеті теориялық кибернетика және қолданбалы математика кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Оскорбин Николай Михайлович келді.
Ол 15 қарашадан 25 қарашаға дейін күнде университеттің 7 ғимаратында математика және информатика мамандықтарының студенттері мен магистранттары үшін заманауи математиканың өзекті мәселелері бойынша дәріс оқиды.
Дәріс оқудан басқа ПОҚ мен математика кафедрасының филиалдарының мұғалімдеріне шеберлік сыныптарын жүргізу жоспарлануда.
Математика кафедрасы