С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да Алтай мемлекеттік университеті Химия және химия-фармацевтикалық технологиялар институтының (Барнаул қ., Ресей) органикалық химия кафедрасының меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы, профессор Наталья Григорьевна Базарнова «Өсімдік шикізаты химиясы» тақырыбында онлайн сабақтар өткізуде.
Сабақтар 16 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді.
Химия кафедрасының докторанттары, магистранттары, бакалавриат студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері сабаққа қызығушылықпен қатысуда.
Танымал ғалымнан маңызды және жақсы құрылымдалған ақпаратты алу үлкен жетістік. Наталья Григорьевна Базарнова үлкен ғылыми тәжірибеге ие және химияның осы саласындағы дамудың заманауи тенденцияларын жақсы біледі.
Тәжірибелік мысалдар, оқушылардың зерттеуге қалай тартылуы, сондай-ақ студенттік зертханалық жұмыстар барысында кафедрадағы ағымдағы ғылыми зерттеулердің нақты нысандары қалай пайдаланылуы мүмкін екендігі қызығушылық тудырды.
Оқытушылар, докторанттар, магистранттар сабақ барысында тәжірибелерімен бөлісіп, ғылыми зерттеулер бойынша кеңестер алады.
И. Афанасенкова, химия кафедрасының доценті