Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ресейлік тарихшы Наталья Аблажейдің дәрістерін тыңдады

2-12 қазан аралығында Новосібір мемлекеттік университетінің доценті Наталья Аблажей ШҚМУ студенттеріне дәріс оқыды.

Академиялық ұтқырлық шеңберінде тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінде Новосібір мемлекеттік университетінің доценті, Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімінің аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы Наталья Аблажей «Халықаралық қатынастар» және «Тарих» мамандығының студенттері, магистранттары, докторанттары және оқытушыларына дәрістік курс оқып, өзара пікір алмасты.

Курс атауы – «Ресейдің заманауи тарихы. Ресейліктердің қоғамдық пікіріндегі қазіргі Ресейдің өзекті мәселелері».

Сонымен қатар, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылық ұжымымен кездесіп, кафедраның әдіснамалық семинарында өзара тәжірибе алмасты.

К.Жириндинова, А. Булгынбаева

Қазақ
× You found a Typo