Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Республика алаңында 1 мамыр мерекесі тойланды

1 мамырда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Мен – Қазақстанның патриотымын» дәстүрлі акциясы болып өтті, оған С. Аманжолов атындағы ШҚМУ да қатысты.

Жауынға қарамастан өскемендіктердің қала көшелерімен Республика алаңына шеруі болып өтті. Шеруге колледждердің, ЖОО-лардың, оның ішінде ШҚМУ-дың да студенттері мен оқытушылары, сонымен қатар кәсіпорындар мен мекемелердің еңбеккерлері қатысты. Олардың қолдарында шарлар, гүлдер, жалаушалар, транспоранттар болды. Шеруге шамамен 60 ұйым қатысты.

Концертте «Made in KZ» тобы, Вера Сапутина, «TWINS» дуэті, «Русский Фреш» ансамблі, Игорь Бекетов, «Разгуляй»  би ансамблі, «X-Faсtor» жобасының жеңімпазы, ШҚМУ түлегі Евгений Выблов, «Ты-супер!» телевизиялық жобасының қатысушысы Влад Лоскутов, республиканских конкурстардың лауреаты Эльдар Уадинов өнер көрсетті. 

Облыс тұрғындарын аймақ басшысы Даниал Ахметов құттықтады.

Бағдарламада, сонымен қатар, спорттық сайыстар, роботты техника көрмесі, автошоу болды. Мереке орталық алаңдағы «әнші» субұрқақтың іске қосылуымен аяқталмақ.

ШҚО Ақпараттық орталығының мәліметінше, облыста 150 этнос, 12 конфессия бар, 14 Достық үйі, 123 этномәдени бірлестік жұмыс істейді

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo