Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Республикалық «Аламан» фестивалінен оралған серпіндіктер

8-ші желтоқсанында Астана қаласында «Мәңгілік ел жастары индустрияға!» - «Серпін» жобасы аясында білім алып жатқан студент жастар арасында Республикалық «Аламан» фестивалі өтті.

Бұл дәстүрлі қалыптасқан фестивальдің жалпы мақсаты – жан-жақты, белсенді студенттерді анықтап, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, «Серпін» әлеуметтік бастамаларына қолдау жасау және 10 номинация бойынша ұсынылған талаптарға сай ерекшеліктерімен көзге түскен студенттерді, командаларды марапаттау.

Аталған Республикалық сайыста Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің «Серпін» жастары «Жайдарман» номинациясымен марапатталды, сонымен қатар «Сарбаздар» би тобын орындаған «Көңілді жігіттер» тобы фестиваль бағдарламасының ең үздік нөмірі деп аталып, концерттік бағдарламаны салтанатты аяқтау мәртебесіне ие болды.

Байқау жеңімпаздары «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 3 курс студенттері - Қулыбек Бағдатқали, Падаш Олжас, Әбді Мақсат; «Тіршілік қауіпсізідігі мен қоршаған ортаны қорғау» мамандығының 3 курс студенттері - Азимханов Аслан, Қайып Тамабай, Сейітжан Дидар, Маратов Еламан; «Материалтану және жаңа материалдар» мамандығының 2 курс студенттері- Батырбек Әлиасқар, Байғалиев Шыңғыс; «Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығының 2 курс студенті Күнесбек Эльмира; «Дефектология» мамандығының 1 курс студенті Шакиров Самат «Халықаралық бағдарламалар орталығының» Президенті Ж. Мелдешовтың атынан Мақтау қағаздарымен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.

Штаб «Серпін»

Қазақ
× You found a Typo