С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» АҚ 2018 жылға арналған ғылыми ұйымдарға және ЖОО-ларға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету бойынша шарт жасасты.
Шарт талабы бойынша кітапхана университетке ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсететін болады.
ШҚМУ болса өз қызметкерлерін кітапхана өткізетін іс-шаралардың тақырыбы мен уақыты туралы жедел хабардар етіп отыруды, тізімге сай кітапханалық-ақпараттық қызметке өтінім беруді міндетіне алады.
Шарт 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін әрекет етеді.
Баспасөз қызметі