Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана ШҚМУ-ға ынтымақтасуды ұсынды

«Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» АҚ (РҒТК) – пайдаланушыларға Ресей мемлекеттік кітапханасының Диссертациялардың электронды кітапханасына қолжетімділік ұсынатын Қазақстандағы бірден-бір кітапхана С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға ғылыми қызметкерлерді, оқытушыларды және студенттерді ақпараттық қамтамасыз ету бойынша ынтымақтасуды ұсынды.

Қазіргі кезде РҒТК өз пайдаланушыларына Ресей мемлекеттік кітапханасының Диссертациялардың электронды кітапханасына (РМК ДЭК) қолжетімділік ұсынатын Қазақстандағы бірден-бір кітапхана болып табылады.

Кітапхананың ресми сайтында студенттердің, оқытушылардың, аспиранттардың, магистранттардың, ғылыми қызметкерлердің пайдалануына 900 000-нан астам толықмәтінді ресейлік диссертациялар мен авторефераттар ұсынылған.

Іздеуге тапсырысты ірі өңірлік орталықтарда орналасқан РҒТК филиалдарында рәсімдеуге болады, сайт мекенжайы www.rntb.kz

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo