Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Республикалық «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы ШҚУ-да болды

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде студенттік қозғалыстар мен клубтар көшбасшыларының, соның ішінде Жастар ісі жөніндегі комитет және «Jas Otan» ЖҚ белсенділерінің «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» республикалық жастар қанатының төрағасы Е.С. Бейсенбаевпен кездесуі өтті.

С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры М.Ә.Төлеген мейманды жоғары оқу орнының жетістіктері, студенттердің университет өміріне қатысуы, университетте ғылыми-білім беру орталықтары мен кабинеттердің ашылуы туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, ректор жастар бастамаларын қолдау, университетте жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік бағдарламалар туралы, оның ішінде студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, оларға атаулы стипендиялар бөлу, оқу мен демалыс үшін жағдайлар жасау туралы айтып берді.

Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев елдегі жастар саясатының іске асырылуы, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» қанатының мақсаттары мен міндеттері туралы айтып, пандемия кезінде «жасотандықтардың» ерікті болғандарын хабарлады.

«Jas Otan» ЖҚ төрағасының айтуынша, қазір жастар праймеризге қатысуды жандандыруы қажет.

Кездесуге, сондай-ақ, тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің мамандары қатысты.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo