Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Республикалық пікірсайыс турнирінің үздіктері анықталды

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған республикалық пікірсайыс турнирінің үздіктері белгілі болды.

Сайыс екі күнге созылды. Алғашқы күні Британ парламенттік форматы (БПФ) бойынша іріктеу ойындары болды. Сонымен қатар, екі қатысушы өзара ойнайтын Линкольн-Дуглас форматының алғашқы айналымы өтті.

Ой додасына түскен 32 топтың қай-қайсысы болмасын сапалы ойын көрсетуге барын салды. Олардың арасынан ары қарай өткен қатысушылардың есімі белгілі болды. Сөйтіп, БПФ сынында үздік шыққандар келесі кезеңді Америкалық парламенттік формат (АПФ) түрінде жалғастырды. Мұнда екі топ бір-біріне қарсы ойнады. Шиеленісті ойындар нәтижесінде кей тұрғыда төрешілерге де жіті ойланып барып, шешім шығаруға тура келді. Себебі, тәжірибелі пікірсайысшылар өздерінің көрсеткен ойынына еш күмән келтірмей, артынан келіп наразылықтарын білдіріп жатты.

Осылайша, тартысқа толы ойындар нәтижесінде АПФ бойынша үшінші орынға семейлік «Конгресс» клубынан келген Мират Рүстемұлы мен Наргиз Аймұхаметова ие болды. Екінші орынға Алматы технологиялық университетінің бұрымдылары Рзагүл Таңатарова мен Тоғжан Мұса орнықса, «Гильотина» атты семейлік «Конгресс» пікірсайыс клубы құрамындағы Мирам Тұрысбеков пен Азамат Болатов жеңімпаз атанды.

Ал ЛД ойынында «Үздік спикер» аталымына Павлодар қаласынан келген Санат Совет лайық болды. Ойын барысында әділдігімен ерекшеленген өскемендік «Ділмар» дебат клубының аға буыны Гүлжан Естаева «Үздік төреші» деп танылды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тағайындаған бағалы сыйлықтарға ие болды.

Әділхан Есімханов,

журналистика мамандығының 3 курс студенті

Қазақ
× You found a Typo