Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Республикалық семинар-кеңеске қатысушылар жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейтуді талқылады

12-13 қазан аралығында академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры Стеблецова И.С. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ҚРБжҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің қамқорлығымен.өткізген «Академиялық және басқарушылық тәуелсіздіктің кеңею жағдайында қазіргі заманғы жоғарғы оқу орындарының академиялық саясаты» атты республикалық семинар-кеңеске қатысты.

Семинар-кеңес М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың 80 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылды.

Бірінші жұмыс күнінде ұсынылған «Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару тәуелсіздігін арттыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «ЖОО қазіргі замандағы академиялық саясаты: әзірлеудің принциптері мен стандарттары», «ЭЫДҰ елдік бағдарламадағы білім беру қызметтерінің сапасы», «ЖОО білім беру бағдарламаларының реестрін қалыптастыру және жүргізу тәртібі» атты баяндамалар қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, белсенді талқыланды.

Екінші күн ішкі сапа кепілдігінің саясаты мен стандарттарын білім беру сапасын арттыру құралы ретінде академиялық адалдық саясатын іске асыруға қатысты мәселелерді қарау мен талқылауға арналды.

Жоғары оқу орындарының қызметін реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық құжаттарға ұсыныстар әзірлеу және ұсыну жөніндегі жұмыс тобының мүшелері білім берудің кредиттік технологиясын ескере отырып жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қаржыландыру ережесі; Жоғары оқу орындарында студенттердің академиялық үлгерімін, аралық және қорытынды аттестациясын тұрақты мониторингілеудің типтік ережелері; Кредиттік технологияларды оқыту бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру ережелері және т.б. проектілерге ұсыныстар әзірледі.

Семинар-кеңес қазіргі заманғы жағдайда жоғарғы оқу орындарының өзекті мәселелерін талқылау үшін жемісті алаң болды.

Академиялық саясат және білім беру бағдарламалары басқармасы департаменті

Қазақ
× You found a Typo