Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Республикалық штабтың мүшелері Шығыс Қазақстан облысына келді

Бүгін Қазақстан Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабы үгіт-насихат жұмыстарын Шығыс Қазақстан облысында жалғастырды.

Штаб мүшелері алдымен облыс жұртшылығымен кездесіп, кандидаттың Сайлауалды бағдарламасы туралы жан-жақты мағлұмат берді. Қ.Тоқаевтың Бағдарламасы сабақтастық, әділдік, өрлеу қағидаларына табан тірейтінін айтқан Штаб басшысы Мәулен Әшімбаев үміткердің алдында тұрған басты міндеттер халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру, білім беру мен денсаулық сақтау саласын жақсарту, инфрақұрылымды дамыту, ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын көтеру екенін жеткізді.

Сондай-ақ ол Бағдарламада еліміз бойынша экологиялық мәселелерді шешуге ерекше басымдық беріліп, нақты шаралар көрсетілгеніне назар аударды.

– Алдағы уақытта осы салада бірнеше бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіледі. Біріншіден, экологиялық заңнаманы жетілдіріп, өндірістік кәсіпорындарда экологиялық қауіпсіздіктің деңгейін көтеру үшін халықаралық стандарттар мен технологияларды енгізу. Екіншіден, әр өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту үшін жұртшылықпен бірлесіп кешенді жоспар даярлау. Үшіншіден, қоршаған ортаға зиянды қалдықтар шығаратын барлық ірі кәсіпорындарды қалдықты түбегейлі азайтуға және тазартудың жаңа технологияларын енгізуге міндеттеу. Өйткені бұл сала біздің кандидатымыздың басты назарында, – деді М.Әшімбаев.

Сонымен қатар Республикалық штаб мүшелері облыстың зиялы қауымымен, еңбек ардагерлерімен, этникалық топтардың өкілдерімен де кездесіп, Бағдарламаның негізі халықтың өмірін жақсарту екенін сөз етті.

– Қоғамдағы ең өзекті мәселе баспанамен қамту ісі де кандидатымыздың назарынан тыс қалған жоқ. Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін барлық тұрғын үй бағдарламалары бірегей тұрғын үй құрылысы саясатына біріктіріледі. Аз қамтылған әлеуметтік санаттағы азаматтар мен жастар үшін жалға берілетін және қолжетімді тұрғын үйлер салынады. Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында 2025 жылға дейін 2 миллионнан астам азаматты жаңа баспанамен қамту көзделіп отыр, – деді Штаб мүшесі Нұртай Сабильянов.

Одан бөлек, Штаб мүшелері Үлбі металлургиялық зауытының еңбек ұжымымен, жергілікті жастармен және кейбір аудандардың тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Қ. Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы

Қазақ
× You found a Typo