Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Әріптестері экономика және құқық факультетінің ардагер ұстазын Мұғалімдер күнімен құттықтады

Мұғалімдер күні қарсаңында университет басшылығы мен экономика және құқық факультетінің ұжымы атынан факультет деканаты мен қаржы және есеп кафедрасының қызметкерлері педагогикалық еңбек ардагері, э.ғ.д., профессор, академик Үсен Сүлейменұлы Әлімбетовті құттықтады.

Үсен Әлімбетов өзінің ұзақ кәсіби жолында экономистердің бірнеше буынын тәрбиеледі. Үсен Сүлейменұлы әлі күнге дейін шәкірттері мен әріптестерін жиі еске алып, олардың істеріне қызығушылық танытып, хабарласып тұрады, өз университеті мен жоғары білімнің дамуы үшін үлесін қосуда. Биыл ардагердің білім саласына келгеніне 50 жыл толып отыр.

Құрметті ардагерлер! Сіздерді дүниежүзілік Мұғалімдер күнімен құттықтаймыз! Сіздердің шыдамдылықтарыңыз бен түсініктеріңізді, адалдықтарыңызды және өз істеріңізге деген сүйіспеншіліктеріңізді жоғары бағалаймыз!

Баршаларыңызға ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық және отбасыларыңызға амандық тілейміз! Шәкірттеріңіздің алғыстары Сіздер үшін лайықты марапат болсын.

ЭжҚФ деканаты

Қазақ
× You found a Typo