Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Робототехника кабинетінің жаңадан жабдықталуы

Жаңа оқу жылы қарсаңында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-де IT-мамандықтарының оқу үрдісінде қолданылып жүрген роботтар кешені жаңартылды.

Бұдан үш жыл бұрын Lego Mindstorm EV3 базалық роботтармен жабдықталған робототехника кабинеті сәтті жұмысқа қосылып зертханалық сабақтарда пайдаланып, көптеген көрмелер мен олимпиадаларға жобалар дайындалған болса, жаңа келіп түскен роботтар аталған бағдарламаның мүмкіндігін бірнеше есе кеңейте түсті.

Жаңартылған кешен келесі робототехникалық көпфункционалды құралдармен жабдықталған:

  • аrduino платформасында құрылған білімберуші жинақ;
  • адамға ұқсас өзін өзі тұрақтандыратын робот (гуманоид);
  • бірплаталық компьютер Orange Pi Win Plus - Windows 10 IOT қолдауымен дамытылған;
  • роботоконструктор UnoCraft++, білімберу STEM жиыны;
  • білімберуші смарт-автомобильдік комплекті, автомобильдерге арналған жылдамдықты кодтаушы 4WD смарт-робот-шасси;
  • интерактивті дисплеймен жұмыс жасауға бейімделген лицензиялық программалық кешен;
  • сабаққа және сайыстарға арналған супержиын.

Алынған құрылғылар IT-мамандықтарының арнайы курстар мазмұнында қолдануымен қатар ҚР Білім және Ғылым министрлігінің мақұлдауымен университетте жасалған «Компьютерлік мехатроника» эксперименталдық білім беру бағдарламасында кең тереңдетіліп менгеруді мақсат етіп отырмыз. Осы бағдарлама облыс әкімдігінен қолдау тауып білімге құмар және білімін  жетілдірем деген талапкерлерге биыл бірінші рет 10  білім беру гранты бөлініп отыр.

Қазір өңірдің барлық орта мектептері облыстық бюджеттен робототехника кабинеттерімен жабдықталып отырғаны бәріне мәлім. Осыған орай, компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушылары сол кабинеттерді оқу үрдісіне белсенді ендіруге және оқушылардың зертханалық жұмыстар жасауына арналған әдістемелік нұсқаулықтар даярлауына қызу кірісіп кетті.

Алдағы уақытта базалық датчиктердің функционалдық мүмкіндіктері меңгерілген соң өнірдегі өндірістерге қажетті өнеркәсіп жүк тиегіш роботтар аналогтарын үлгілеу негізінде кеңейтілген, STEM –жиындарды алуға болады. Жаңа келіп жатқан жабдықтар IT-инфрақұрылымды SMART-сервистермен күшейтуге толық қуаты бар («ақылды үй», «ақылды автомобиль», «ақылды денсаулық» және т.с.с.).

Қолымыздағы зертханалық жабдықтарды бірігіп қолдану үшін, ортақ идеяларды жүзеге асыру, білім беру сапасын арттыру және жалпы өңірдің дамуына үлес қосу мақсатында барлық мүдделі тараптарды бірлесіп еңбек етуге шақырамыз.

Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы

 

Қазақ
× You found a Typo