Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Рухани жаңғыру» аясында аударылған алғашқы кітаптар алынды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында алғашқы аударылған 18 кітапты алды.

Бұлар – ағылшын, неміс және орыс тілдерінен аударылған философия, әлеуметтану, психология, мәдениеттану, дінтану, тіл білімі, экономика, менеджмент пен кәсіпкерлік салалары бойынша әлемнің алдыңғы қатардағы университет студенттері оқитын ең үздік оқулықтар. Авторлар арасында Дерек Джонсон, Энтони Кенни, Карен Армстронг, Грегори Мэнкью, Дональд Куратко, Эллиот Аронсон, Клаус Шваб және т.б. бар.

Жоғары оқу орнына арналған әлемнің ең үздік оқулықтарын қазақ тілінде қолжетімді ету идеясы Қазақстан Президентіне тиесілі. Елбасы 2017 жылдың 12 сәуірінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ауқымды бағдарламасы аясында әлемдегі ең таңдаулы 100 оқулықты шет тілдерден тікелей қазақ тіліне аударуға тапсырма берді. Оқу орындары сол еңбектің алғашқы жемісін көріп отыр.

Осы жылдың қыркүйек айынан бастап аударылған оқулықтар жоғары білім беру жүйесіне енеді. Бұл оқулықтармен барлық ЖОО студенттері оқытыла бастайды. Оқулықтардың электронды нұсқалары Ұлттық аударма бюросының сайтына салынып, көпшілікке тегін қолдану мүмкіндігі беріледі. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының арнайы операторы болған Ұлттық аударма бюросының өкілдері атап өткендей, оқулықтарды қолдану авторлық құқығы сатылып алынды.

Университеттің Ғылыми кітапханасы студенттер, магистранттар, қызметкерлер мен оқытушыларды «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» көрме-тұсаукесеріне шақырады.

Көрме кітапхананың оқу залдарында (барлық оқу ғимараттарында) жұмыс істейді.

ШҚМУ Ғылыми кітапханасы Сіздерді асыға күтеді!

 Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo