С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да өңірдегі қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының іске асырылу барысымен танысуға келген «Рухани Жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КАҚ басқарма төрағасы К. Ойшыбаев болды.
Кемелбек Бақтығұлұлын оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Д. Ерболатұлы ЖОО-дағы «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының орындалуымен таныстырды.
Қонаққа «Рухани Жаңғыру» орталығының жұмысын көрді, ЖОО оқытушылары мен қызметкерлері іске асырып жатқан жобалардың нәтижесін білді. Ол Свече қаласындағы (Польша) «Абай» орталығының ашылуы, студенттердің археологиялық қазба жұмыстарына қатысуы сынды жобалардың маңызын атап өтті. 2018 жылдың мамырынан істеп жатқан «Altai jastary» студиясының жұмысы мейманның ерекше қызығушылығын туғызды.
Бұдан әрі К. Ойшыбаев №5 оқу ғимаратындағы «Рухани Жаңғыру» өңірлік орталығының кеңселерін аралады.
Баспасөз қызметі