Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Рухани жаңғыру – Мәңгілік ел болашағы» облыстық фестивалі өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың №5 оқу ғимаратындағы акт залында «Рухани жаңғыру» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру – Мәңгілік ел болашағы» атты фестиваль өтті. 

Фестивальде Елбасының бағдарламасында қойылған міндеттерді жүзеге асыруда облысымыздағы жобалық штабтардың және қызметкерлердің еңбегі қорытындыланады.

Фестивальге облыстағы қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, барлық қалалық және аудандық штабтардың басшылары мен мамандары, жоғары оқу орындарының өкілдері мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты.

Фестиваль барысында үздіктер марапатталып, алғыс хаттар табыс етілді. Облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған байқау қорытындысы жарияланып, «Жылдың Үздік жобасы», «Үздік «Рухани жаңғыру» штабы», «Кіші бағдарламалардың үздік менеджері», «Үздік «Рухани жаңғыру» кабинеті» номинациялары бойынша жеңімпаздар марапатталады. Сонымен қатар бағдарламаны жүзеге асыруда белсенділік танытқан жеке тұлғаларға да алғыс хаттар табысталды.

Шығыс Қазақстан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында 18 аймақтық жоба жүзеге асырылуда. Жобалар білім беру, мәдениет, қазақ алфавитінің латын графикасына көшу, облыстың киелі жерлерін жаңғырту бағыттарын қамтиды. 19 қалалық және аудандық штаб бар, онда 118 маман қызмет етуде. Ағымдағы жылдың басынан облыс бойынша 2 мыңнан астам іс-шара өткізілді. Өңірлік орталықтың ұйымдастыруымен 5 ауданаралық семинар өткізіліп, 200-ден астам маман оқытылды.

Жеңімпаздарды облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы И.Ф. Смит пен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә.Төлеген марапаттады.

Марапатталғандар ішінде біздің оқу орнымыздан үш өкіл бар, олар – С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың стратегиялық даму және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры И.В. Ровнякова, философия магистрі Е.В. Савчук, доцент, т.ғ.к. Ж.С. Әубәкірова.  

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo