Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Рухани жаңғыру»: жаңа әліпби Орталығының ашылуы

Еліміздің айтулы мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында 14 желтоқсан кітапханамызда қазақ тілінің жаңа әліпбиін оқып-үйрену Орталығын ашу салтанаты өткізілді.

Мерекелік жиынға мемлекеттік қызметкерлер, жоғары оқу орындарының өкілдері, филолог-мұғалімдер, студенттер, оқушылар қатысты.

Жобаның бас демеушісі – іскер бизнесмен, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты С. В. Коротин.

Тәуелсіздік алғаннан кейін бұрынғы ТМД елдерінің алдында латын әліпбиі туралы мәселе қайта туындады. Сол кезде біздің Елбасы да өз пікірін білдірген. Ал 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде Елбасы Н.Назарбаев : «Латын әліпбиін қарайтын кез келді. Бұл мәселені кезінде кейінге қалдырған едік. Қалай болғанда да, латын әліпбиі бүгін де телекоммуникация саласында басымдыққа ие болып отыр» деді.

Тәуелсіздік жылдары еліміздің экономикалық, саяси және әлеуметтік саласында іргелі өзгерістер болды.Қазіргі таңда біз Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтқан қоғамның үшінші жаңғыруының куәгеріміз және оған қатысамыз. Жаңғырудың жаңа дәуірінде жаһандық ақпарат кеңістігінен орын алу қажеттілігі көзделген, соның бірі –  латындандыру. Биылғы жылы 26 қазанда Президентіміз латын қарпіндегі жаңа әліпбиді ресми түрде бекітті. Жаңа әліпбиге көшуді 2017-2025 жылдар арасында іске асыру көзделген.

Яғни, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру – жаңғыртудың маңызды бағыты. Елбасының айтуыша, бұл ағылшын тілін үйрену, Интернет тілін қабылдау, IT мамандар дайындау және ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамытуда жағымды жағдайлар жасауы тиіс.

Кітапханамыз әрқашан жергілікті халықтың білім алуына, жаңа бастамалар мен мемлекеттік бағдарламаларға қатысуына қолдау көрсетеді. Бүгінгі күннен бастап жаңа әліпбиде сауатты жазуды үйренгісі келетіндер үшін арнайы Орталық салтанатты түрде ашылып, қонақтарымыз арнайы латын әріптерімен безендірілген тәтті шашудан дәм татты.

Дәл осы күні жаңа әліпбимен таныстыратын алғашқы бейнежазба сабағы өткізілді. Бейнежазба сабақты Алматы қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғылыми жұмыс жөніндегі директорының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты Фазылжанова Анар Мұратқызы жүргізді. Бейнежазба сабақтан кейін қатысушылар онлайн байланыс арқылы оқытушыға қашықтан сұрақтар қойып, сұхбаттасты.       

Жаңа әліпбиді оқып-үйрену Орталығында пайдаланушыларға кітаптарды, Интернетті ақысыз пайдалануға барлық жағдайлар жасалған, сондай-ақ, түрлі сала мамандары үшін онлайн кеңестер мен сабақтар ұйымдастырылады. Сонымен, ашылған Орталық пайдаланушылары жаңа әліпбиді оқып-үйрену көшін бастап, табысты жетістіктерге жетеді деп сенеміз.

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

Қазақ
× You found a Typo