Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Рухани жаңғыру және бақ» атты дөңгелек үстел өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Рухани жаңғыру және БАҚ» атты дөңгелек үстел өтті. Университеттің болашақ журналистері мұрындық болған бұл жиынға бірқатар құрметті қонақтар қатысты.

Атап айтсақ, «ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН» республикалық газеті акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – Дархан Қыдырәлі, «ҚАЗАҚПАРАТ» агенттігі бас директорының кеңесшісі Махат Садық, белгілі саясаткер Ерлан Саиров болды. Сондай-ақ, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаухан Аухадиев, «Егемен Қазақстан» айдынына 25 жыл қалам тербеген, жерлес қаламгеріміз Оңдасын Елубай, ШҚМУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Айжан Маратбекқызы, қазақ, орыс филологиясы және журналистика мамандығының аға оқытушысы Гүлмира Ахметқалиқызы қатысты.

Дөңгелек үстел барысында рухани жаңғыруды жүзеге асыру барысындағы аға, орта, жас буынның үлес салмағы жайлы, рухани жаңғыру болашақ журналистерге не береді және жас журналистер бұған өз үлестерін қалай қосады деген сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбіді. Одан бөлек, келген қонақтар болашақ журналистерге мамандыққа байланысты қосымша құнды мәліметтер айтты.

 – Материал жазуда оқырмандарды жалықтырып алмай, ақпаратты қысқа-нұсқа етіп беру аса маңызды. «ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН» газетінің форматы өзгергенмен, оқырмандары азайған жоқ. Өзгерістер енгізу барысында бірнеше айдарларды жаңарттық. Басшылықтан гөрі бұқара халық оқитын ақпараттар беруді көздейміз, – деді «ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН» республикалық газеті акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – Дархан Қыдырәлі.

Көгілдір экраннан ғана көретін белгілі тұлғалармен бетпе-бет жолыққан студенттер аталмыш іс-шарадан жақсы әсер алды. Отырыс соңына қарай, универститет оқытушылары мен студенттері естелік суретке түсті.

Әділхан Есімханов, журналистика

 мамандығының 2 курс студенті

Қазақ
× You found a Typo