Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы студенттер үшін семестр бойы бірқатар маңызды іс-шара өткізді

Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының маңызды міндеті – студент жастармен тәрбие жұмысын жүргізу.

Кафедра оқытушылары жүргізетін оқу пәндері жастардың дүниетанымын, азаматтық ұстанымын қалыптастыруда және жеке өмірлік стратегиясын анықтауда маңызды мәнге ие.

Бірақ аудиториядағы жұмыс – жұмыстың басы ғана. Аудиторияда теориялық деңгейде әлем тұтастығы құрылымының мәселелері, қоғам мен саяси жүйенің қалай ұйымдастырылғаны туралы түсінік қалыптасады.

Аудиториядан тыс жұмыстың ең көп бөлігі басталады – ақпараттанған студенттер әлемдік және әлеуметтік координаттар жүйесінде өздерін анықтайды, өздерінің жеке өмірлік мәні бар сұрақтарына жауап іздейді. Студентерді ғылыми, қоғамдық және шығармашылық өмірге тарта отырып, оларға тірек болуы университеттік ортаның ең басты сипаты болып табылады.

Кафедраның өткен семестрдегі маңызды іс-шаралары ішінен төмендегілерді атап өтуге болады:

– Қаңтар айы – университет ректоры, профессор М. Төлегеннің басшылығымен ШҚО мен ШҚМУ-дf Абай жылының тұжырымдамасын қалыптастыру бойынша жұмыс тобына ПОҚ қатысуы;

– 05.02.2020 – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бойынша 1-2 курс студенттері арасында бейнеролик байқауы;

  •  12.02.2020 – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының үш жылдығына арналған Абайдың қара сөздері бойынша мозаика ойыны;
  •  14.02.2020 – 1-2 студенттеріне арналған «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел;
  •  20.02.2020 – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының үш жылдығына арналған «Кім тапқыр?» атты зияткерлік ойын;
  •  24.02.2020 – кафедра профессоры, саясаттанушы М.Т. Мағзұмовтың «Абайдың ел басқару ісіндегі және заң шығару бойынша қызметі» атты дәрісі;
  •  25.02.2020 – 2-курс студенттеріне арналған «Абай тағлымы – тәрбие негізі» атты зияткерлік байқау;
  •  26.02.2020 – Абайдың 175 жылдығына орай «Намыс» үйірмесі студенттерінің қатысуымен «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...» атты дөңгелек үстел;
  •  28.02.2020 – 1-2 курс студенттері арасында «Абай өлеңдері» мәнерлеп оқу сайысы;
  •  12.03.2020 – «Намыс» үйірмесі студенттерінің қатысуымен «Абай дүниетанымындағы адам мәселелері» атты дөңгелек үстел;
  •  12.03.2020 – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» тақырыбы бойынша кафедраның әдістемелік семинары;
  •  13.03.2020 – 2-курс студенттерінің қатысуымен әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» атты дөңгелек үстел;
  •  13.04.2020 – 13.04.2020 – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының үш жылдығына арналған «Рухани жаңғыру: стратегия, тактика, рефлексия» атты республикалық ғылыми-әдіснамалық семинар (ZOOM платформасы);
  •  5.05.2020 – 9-11 сынып оқушыларына арналған «Адам бол!» атты республикалық smart-fest.

Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo