Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да жаңа оқу жылындағы алғашқы Ғылыми кеңес отырысы өтті

Отырыста ШҚМУ ұжымының 2017-2018 оқу жылындағы жұмыс қорытындысы және 2018-2019 оқу жылына арналған міндеттер туралы ректор Мұхтар Төлеген баяндады.

– Университетте 51 бакалавриат, 33 магистратура, 7 докторантура мамандығы бар. Еліміздің барлық өңірлерінен, Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай, Әзірбайжан, Түрікменстан, Германия, Қырғызстан, Түркия, Тәжікстаннан барлығы 6500 студент білім алуда. 35 мамандықта оқыту үштілдік бағдарламалар бойынша жүреді, – деп мәлімдеді ректор.

Ұлттық рейтингте ШҚМУ 7 орынды алады.

- Қолға алынған шаралардың арқасында талапкерлер биыл екі есеге көбейіп, 2600-ді құрады. Дарынды студенттерді қолдау мақсатында Абай және Аманжолов атындағы шәкіртақылар тағайындалды. Жаңадан 17 мамандық ашылды, – деді Мұхтар Төлеген.

ЖОО-да «Рухани Жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығы, «Алтай жастары» телерадиостудиясы, «PARASAT» студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды.

Шетелдік жоғары оқу орындарымен, ұйымдармен ынтымақтастық нығайып келеді. Студенттердің білім сапасы артып, ғылыми жобалардың саны артты.

Жиында қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Ләйлә Байжұманова кәсіби бағдарлау жұмысы туралы, қабылдау комиссиясының жоспарлары туралы баяндады.

Ректор М. Төлеген ШҚМУ-дың басқару құрылымына енгізілген өзгертістер жөнінде хабардар етті.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo