- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
ШҚМУ-де Бақылау кеңесінің бірінші отырысы болып өтті. Онда кеңес төрағасы, хатшысы таңдалынып, ЖОО дамуы туралы ректордың ақпараты баяндалды. Сонымен қатар, аталған кеңестің жұмыс жоспары және ШҚМУ-дың 2016, 2017-2021 жылдарға арналған даму Жоспары бекітілді.
Сондай-ақ, ШҚМУ ректоры универрситеттің қазіргі ахуалы мен даму перспективалары жөнінде хабарлама жасады.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Бақылау кеңесінің бірінші отырысында келесі сұрақтар қаралды: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Бақылау кеңесінің төрағасын таңдау туралы; Бақылау кеңесінің хатшысын тағайындау; Кеңестің жұмыс жоспарын бекіту; ШҚМУ-дың қазіргі жағдайы мен дамуы туралы; 2016, 2017-2021 жылдарға арналған даму Жоспарын бекіту туралы.
Кеңес төрағасы болып Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әмірхан Рахымжанов тағайындалды, хатшы болып С. Аманжолов атындағы ШҚМУ құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Гүлбатима Жақиянова.
Баспасөз қызметі