С. Аманжолов атындағы ШҚМУ және Калинг өнеркәсіп технологиялары институты (Үндістан) өзара түсіністік туралы меморандум жасасты.
Меморандум ғылым, білім және маман даярлау саласындағы өзара ынтымақтастықты қарастырады.
Ынтымақтастықты дамыту үшін ЖОО-лар мамандардың біліктілігін арттыруға, оқытушылармен және студенттермен алмасуға, PhD, MSc бағдарламалары бойынша бірлесе маман даярлауға уағадаласты.
Сондай-ақ, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, жобалар іске асыру, конференциялар, семинарлар өткізу, монографиялар, оқулықтар, оқу құралдарын, жинақтар шығару сынды жұмыстар да көзделуде.
Баспасөз қызметі