Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы ынтымақтастық туралы меморандум жасасты

Ынтымақтастық туралы меморандумды ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы мен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ жасасты.

Меморандумға Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының басшысы, полиция полковнигі Ақынқали Дәуітбайұлы Дәрменов және С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Мұхтар Әділбекұлы Төлеген қол қойды.

Меморандумның мақсаты білім және ғылым саласында өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту, оқу орындары, сондай-ақ олардың ғылыми-педагогикалық ұжымдары, студенттер (курсанттар, тыңдаушылар), магистранттар (адъюнкттер) және докторанттар арасында тікелей жұмыс байланыстарын орнату болып табылады.

Тараптар заң білімі және заң ғылымы саласында тәжірибе; ғылыми-педагогикалық топтармен және студенттермен (курсанттармен, тыңдаушылармен), докторанттармен және магистранттармен; ғылыми, оқу және әдістемелік басылымдармен; сонымен қатар оқу пәндерін баяндау бағдарламаларымен, оқытудың жұмыс жоспарларымен және технологияларымен алмасуды жүзеге асыру ниетін білдіреді.

Сонымен қатар, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми монографиялар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми еңбектер жинағы мен мақалалар шығару, ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін өзара рецензиялауды жүзеге асыру көзделуде.

Жоспарда, сонымен бірге, тараптардың кез келгені ұйымдастырған ғылыми конференцияларға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге, пікірталастарға оқытушылардың, студенттердің (курсанттардың, тыңдаушылардың), магистранттар мен докторанттардың қатысу мүмкіндігін қарастыру да бар.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo