Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректорының Жолдауға байланысты пікірі

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы – бұл Елбасының ағымдағы жылдың даму жағдайын жəне үрдісін терең талдау нəтижесі негізінде жасаған болашақ жылға бағдар беретін маңызды стратегиялық құжат. Қазақстанда жыл сайын Елбасы Жолдауы мемлекеттік қызметкерлер, ғалымдар, білім жəне мəдениет қайраткерлері, экономика жəне т.б. салалардағы мамандар арасында қызу талқылануда.

Əрбір қазақстандық Жолдаудан ел дамуының бағытын жəне осы бағытқа байланысты кəсіби, жеке тұлға ретінде даму стратегияларын айқындай алады.

2018 жылдың 5 қазанында Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жариялаған Жолдауында елдің басты байлығы адам болып табылатындығын атап көрсетті.

Елбасының адами капиталды басты байлық ретінде бағдарлауы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына үлкен міндет жүктейді.  

Қазіргі заманғы нарықтық экономика талабына сай жоғары оқу орындарының маман даярлауының басты критерийлері қоғамда жас түлектің жұмысқа орналасуы арқылы кəсіби қызметін іске асыруы, сонымен қатар жоғары еңбекақы алуы негізгі өлшем болып табылады. Талап етілген мамандарды даярлаудағы университеттің рөлі - ел дамуының стратегиялық бағыттарын, қазіргі заманғы ғылымның жетістіктерін және экономиканың қажеттіліктерін ескеретін тиісті білім беру бағдарламаларын қалыптастыру болып табылады.

Биылғы жылы мемлекет тарапынан жас қазақстандықтардың білім алуына  мемлекеттік білім гранттары, сонымен қатар облыстық әкімдіктер деңгейінде де көптеп бөлінді. Бүгінгі таңда бұл жасалып отырған шаралар аймақтық жоғары оқу орындарының танылуын арттыруға ықпал етеді деуге толық негіз бар.

Мұндай мемлекеттік қолдау еліміздің болашағы мен дамуына үлес қосатын жас мамандарды дайындауда жоғары оқу орындарының кәсіби қызметіне қойылатын талаптарды күшейтеді.

М.Төлеген, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор

Қазақ
× You found a Typo