Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттеріне маркетинг мектебінің онлайн-жобасында жұмыс істеу ұсынылды

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Технологияларды коммерцияландыру кеңсесінің басшысы Олжас Салпышев пен «Likemarketing» маркетингтік агенттігінің бас директоры Сырым Торшаев студенттерге арнап дәрістер оқыды.

Олжас Салпышев Ұжымдық қолданыстағы ұлттық зертхананың құрылымдық бөлімшесі болып табылатын Технологияларды коммерцияландыру кеңсесінің (ТКК) қызметі туралы айтып берді. ТКК университет өкілдерінің ғылыми қоғамдастығы арасындағы өзара тиімді тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз етумен айналысады, патент портфелінің талдау, коммерцияландыру әлеуеті бар келешегі бар жобаларды іздестіру үшін әлеуетті клиенттердің үйлестірушісі болып табылып, үміткерлерге және әлеуетті серіктестерге қаржыландыруды қамтамасыз етудің шарттары, нысандары мен тетіктері туралы, инновациялық жобалардың алдын ала қаржылық талдамасына жұмысты ұйымдастырады және қатысады, сондай-ақ оларды бағалау және оларды қаржыландыру мүмкіндігін алдын ала іріктеу, жобаларды тұжырымдау мен коммерциализациялауға ынталандыру үшін қызметтерге сұраныстарды дайындайды және өңдейді.

Осы күні ШҚМУ студенттерінің «Likemarketing» маркетингтік агенттігінің бас директоры Сырым Торшаевпен кездесуі өтті. Жас кәсіпкер өз іс-тәжірибесі туралы айтты. Екі жыл ішінде ол түрлі салаларда күшін сынап көріпті – арнайы техника, жылжымайтын мүлік сатқан, клининг, автоэлектроника, веб-студиямен айналысқан, моторист қызметін көрсеткен. 

Сырым Көптілеуұлы өз агенттігі туралы әңгімеледі, олар кәсіпкерлерге клиент тарту, даму бойынша түрлі қолдау көрсетеді.

Шеберлік сыныпта студенттер стартап ашуды үйренді. Сондай-ақ, ол өз ісін ашуға ниетті адамдарға арналған «Likemarketing» онлайн-платформасы туралы түсіндірді.

– Жобам қызықтырса, дайын қаржылық модель, бизнес жоспар ұсынуға әзірмін, – деп түйіндеді Сырым Торшаев.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы

Қазақ
× You found a Typo