Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да Польша елшісімен кездесу өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры М.Ә.Төлеген Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Селим Хазбиэвичпен кездесті.

Польшаның Қазақстандағы елшісімен Қазақстан поляктар одағының төрағасы Е.В. Островская бірге болды.

– Сізді біздің университет қабырғасында көргенімізге қуаныштымыз. С. Аманжолов атындағы ШҚУ шетелдік ғылыми және білім беру мекемелерімен және ұйымдарымен жасалатын халықаралық шарттар шеңберінде жоғары білім, ғылым және мәдениет саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады. Аманжолов университеті әлемнің 50 елінің 100-ден астам шетелдік мекемелерімен және ұйымдарымен ынтымақтасады. Әсіресе Польша университеттерімен тығыз ынтымақтастық орнатылған: бүгінгі таңда университетте ғылыми ынтымақтастық, студенттермен және оқытушылармен алмасу, қосдиплом туралы мынадай екіжақты келісім-шарттар бар: Иоанн Павел екінші атындағы Католик университеті (Люблин қ.), Катовице экономика мектебі (Катовице қ.), Лингвистика-техникалық университеті (Свече қ.), Помор академиясы (Слупск қ., Туризм және қонақ үй менеджменті академиясы (Гданьск қ.), Гданьск университеті (Гданьск қ.), – деп атап өтті кездесуде ректор М. Төлеген. 

2012 жылдан бастап С. Аманжолов атындағы ШҚУ және Польшаның жоғары оқу орындары университет білім алушылары үшін шетелде оқытуды, сондай-ақ академиялық алмасу арқылы магистранттар мен докторанттардың ғылыми тағылымдамаларын іске асыруда. 2012 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде Польшаның жоғары оқу орындарында 90 студент оқыды және 50-ден астам магистрант пен докторант ғылыми тағылымдамадан өтті. 

Академиялық ұтқырлық шеңберінде 2016 жылы Иоанн Павел 2 атындағы Католик университетінің (Люблин қ.) магистранты Юстин Катаржина Осух қазақ, орыс тілі және журналистика кафедрасында оқыды. 

2018 жылы Вроцлав университетінің "Саясаттану" мамандығының докторанты Томаш Васкиел "Орталық Азиядағы тарихи естелік" тақырыбы бойынша ғылыми зерттеу жүргізді.

Эразмус + бағдарламасы аясында 5 жыл бойы С. Аманжолов атындағы ШҚУ профессорлары мен оқытушылары поляк жоғары оқу орындарына барып, поляк магистранттарына дәріс оқуға, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік алды.

Президенттің "Рухани жаңғыру" бағдарламасын және 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласын жүзеге асыру аясында С. Аманжолов атындағы ШҚУ Лингвистика-техникалық университетінің (Свече қ.) базасында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің, Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің, білім және сыртқы істер министрлігінің қолдауымен 2019 жылдың ақпан айында "Абай" жастар мәдени-білім беру орталығын салтанатты түрде ашты. Бүгінгі таңда орталықта жастарды қазақ тілі мен мәдениетін үйренуге тарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде, студенттер Абай Құнанбаевтың шығармаларымен танысуда.

– Біз польшалық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастыққа мүдделіміз, әсіресе Вроцлав университетімен, Краковтағы Ягеллон университетімен және Адам Мицкевич атындағы университетпен ғылыми ынтымақтастықты нығайтқымыз келеді, өйткені осы университеттерде қосдиплом бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік беретін білім беру бағдарламалары іске асырылып жатыр, – деп атап өткен М.Ә. Төлеген ЖОО-ның жаңа меморандумдар жасасуға да мүдделі екенін жеткізді.

Вроцлав университеті (Вроцлав қ.) тегін кәсіпкерлік кеңес беру, конференцияларды, семинарларды ұйымдастыру, жеке инвестицияларды субсидиялау және офистік жайларды ұсыну жолымен студенттерге өз ісін ашуға көмектесуге арналған академиялық кәсіпкерлік инкубаторына ие. Кәсіпкерліктің академиялық инкубаторы Вроцлав технологиялық паркімен, зертханалары, кеңсе бөлмелері, конференц-орталығы және заманауи мультимедиялық жабдықтары бар технологиялық орталықпен ынтымақтасады. Онымен ынтымақтастық ШҚУ қызметкерлеріне поляк әріптестерімен бірлесіп ғылыми зерттеулер жүргізуге және студенттік жастарды ғылыми ізденіске және ғылыми әлеуетті іске асыруға тартуға мүмкіндік береді.

Адам Мицкевич атындағы университет (Познань қ.) және Ягеллон университеті (Краков қ.) Еуропа және Азия университеттерімен тұрақты ғылыми, мәдени байланыстарға ие және ғылыми салада қуатты әлеуетке ие.

Польша Республикасының Қазақстандағы өкілетті елшісі Селим Хазбиэвич ШҚУ-мен ынтымақтастық орнатылғанын атап өтті. Ынтымақтастық формаларының ішінде, мысалы, поляк тілін оқытудағы оқытушылардың ерікті жұмысы бар. С. Хазбиэвич мырзаның айтуынша, кейбір өңірлік жоғары оқу орындарының әлеуеті жоғары, оның ішінде талантты түлектер шығатын С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті де бар.

Айтпақшы, Селим Хазбиэвич Гданьск университетінің гуманитарлық ғылымдар факультетін бітіргеннен кейін "поляк филологиясының магистрі" атағына ие, көп жылдар бойы поляк мектептерінде поляк тілінен сабақ берген, Ольштын қаласындағы жоғары педогогикалық мектептің оқытушысы, Варминь-Мазур университетінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

Қонаққа сирек кездесетін кітаптар қоры көрсетіліп, елшіні Польша тарихының дамуы туралы 19-20 ғасырлардағы кітаптар қызықтырды.

С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры М.Ә. Төлеген естелікке кәдесыйлар табыс етті.

Естеріңізге сала кетейік, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық аясында 2016 жылдың 6 маусымынан бастап үкіметаралық "Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім" жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Польшаның жоғары оқу орындарында Қазақстаннан 1200-ден астам студент білім алуда. Адам Мицкевич университетінің түркология кафедрасында қазақ тілі оқытылады. Қазақ және поляк тілдерінде екі елдің әдебиет классиктерінің еңбектері жарық көрді. Абайдың 175 жылдығын мерекелеу аясында елшілік "Qara sozder" кітабын поляк тілінде шығаруды жүзеге асырды.

Баспасөз қызметі

 

Қазақ
× You found a Typo