Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде еңбекақы мөлшері үш рет көтерілді

Ел Президенті мен Білім және ғылым министрінің тапсырмасы бойынша 2018 жылдың қаңтарында университетте барлық оқытушылар мен қызметкерлердің жалақысы барлық қосымша ақылар сақтала отырып, 30%-ға, 2019 жылдың қаңтарында 15%-ға, 2020 жылдың қыркүйегінде 35%-ға өсті. Осылайша, екі жылдың ішінде жалақы 80%-ға көбейді.

Жалақының көтерілуі мамандарды даярлау сапасын арттыруға және бүкіл ұжым жұмысының тиімділігіне жағымды әсер етері сөзсіз.

Университеттің баспасөз қызметі университет оқытушылары мен қызметкерлері арасында жалақының көтерілуі туралы сауалнама жүргізді. Біз олардың пікірлерін ұсынып отырмыз.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұжымы жалақының көтерілуі еселі еңбек етуге ынта-жігер береді, кадрларды даярлау сапасын арттыруға және барлық жұмыстың тиімділігіне әсер етеді деп есептейді.

Оқытушылар мен қызметкерлер кәсіподақ комитетінің төрайымы Нұрбақыт Қасымқызы Аяғанова:

– Профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер кәсіподағының атынан ректорға университет оқытушылары мен қызметкерлерінің жалақысын үшінші рет өсіргені үшін, ұжымдық шартқа сәйкес атаулы күндерге сыйақылар бергені үшін, жазғы демалыс кезеңінде демалыс және жұмыс кезінде еңбек жағдайларын жақсартқаны үшін, университетте жұмыс істеп жүрген және зейнеткерлік демалыстағы еңбек ардагерлеріне қамқорлықпен қарағаны, материалдық-техникалық базаны нығайтқаны үшін ерекше алғысымды білдіремін.

Максим Юрьевич Сутула, Ұжымдық қолданыстағы ұлттық зертхананың меңгерушісі:

– Жалақының үш мәрте артуы жоғары білікті ғылыми кадрлардың кетуін азайтуға және жастарды ғылыми жұмысқа тартуға әсер етеді. Ғылыми жұмыс көп уақытты, зейінді, ақыл-ой әлеуетін қажет етеді, сондықтан жас ғалымдардың еңбегін ынталандыру материалдық проблемалар туралы ойламай-ақ ғылымға үлкен ынта-жігермен енуге мүмкіндік береді.

Бұл қолдау үшін ел Президентіне, Білім және ғылым министріне және біздің университеттің ректорына үлкен рақмет, мұның бәрі ғылымды бәсекеге қабілетті етуге және оны жоғары халықаралық деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Амантай Шаймарданқызы Жылқыбаева, Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының профессоры:

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың мұң-мұқтажы мен мәртебесіне ерекше назар аударуда. 

Ол Үкіметке төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысын екі есе арттыруды тапсырып, оның төмен деңгейі білім берудегі басты проблемалардың бірі екенін атап өткен болатын. 

Ел Президенті мұғалімдердің жалақысын 2021 жылдың қаңтар айынан бастап 25%-ға арттыруды міндеттеді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бағытталатын болады.

Халқымызда «Ұстаз айтса, қалт айтпайды, басқалардай жалпы айтпайды. Айтса, біліп айтады, ой-пікірін түйіп айтады, көрген-білгенін  жиып айтады» деген нақыл бар. Осы ретте Мемлекет басшысының бастамаларын білім ордамыздың дарынды, креативті ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлеген үнемі қолдап, ары қарай дамытуда. 

Жуықта  ректорымыз үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінен бастап оқытушылардың  еңбекақысын тағы көтеруге шешім қабылдаған болатын. Бұл – айлығымыздың бір жылда екінші рет көтерілуі. Әрине, мұндай игі іс-шара біздің ұжымды жаңа белестерден көрінуге, жұмысымызды адал да сапалы атқаруға жұмылдыратыны сөзсіз.

Василий Петрович Русанов, профессор, педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Педагогика ғылымдары академиясының академигі, дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасы:

– Мемлекет басшысының бастамасымен, білім және ғылым министрінің қолдауымен жаңа оқу жылынан бастап ЖОО оқытушыларының жалақысын көтеру – елдегі білім беруді дамытудағы, педагогтардың мәртебесін арттырудағы, оқытушылардың өмір сүру сапасы мен материалдық жағдайларын жақсартудағы игі қадам.

Университет ректоры М.Ә. Төлеген ұсынған оқытушылардың жалақысын ұлғайту ұжымдағы сабақтастық дәстүрін сақтауға, жаңа буын педагогтарын лайықты тәрбиелеуге және сапалы оқытуға, сондай-ақ С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Фаийна Қанатқызы Қабдрахманова, Рухани Жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі:

– С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры, профессор Мұхтар Төлегеннің күш-жігерін жұмылдырып, ұжымды ұйымдастырып, университетімізді көркейтіп отырғанына да екі жылдан асты. Осы уақытта білім ордамызда көптеген позитивті, прогрессивті өзгерістер болды. 

Мұхтар Әділбекұлының еңбегі нәтижесінде университетімізде «Рухани жаңғыру», «Парасат», «Алтай жастары» орталықтары, «Абайтану» институты, сонымен қатар саналы ғұмырын университетте өткерген ұстаз-ғалымдарды ұлықтау мақсатында көптеген кабинеттер ашылды.

Ректордың бастамасымен былтыр университет тарихында тұңғыш рет Қабанбай атындағы әскери кафедра ашылып, студенттер Отан алдындағы борышын ШҚУ-да өтеуге мүмкіндік алды.

Мұхтар Әділбекұлы білімділігі, қайсарлығы, жұмысқа деген ынта-жігерімен ұжымды бір ту астына жинап, университетті бәсекеге қабілетті, заманауи талаптарға сай сапалы мамандар әзірлейтін білім мен ғылым шаңырағына айналдырды. 

Ұстаз мәртебесін көтеру және университет қызметкерлерін қолдау мақсатында жалақыны екі мәрте өсіру республика деңгейінде алғашқылардың бірі болып С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да жүзеге асуы Мұхтар Әділбекұлының көрегендігін байқатты. Биылғы оқу жылы да университет ұжымы үшін жағымды жаңалықпен басталып отыр. 2020 жылдың кыркүйегінен университет қызметкерлерінің жалақысы тағы 35 пайызға көтерілмек. Қазіргі індет жағдайында өз ұжымының әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге атсалысып отырған Мұхтар Әділбекұлына алғысымыз шексіз!

Біздер, университет оқытушылары, ректорымыздың алға қойған мақсаттарына жетуіне, еңбегі жемісті, алар асуы биік болуына шын жүректен тілектеспіз!

Әсел Әнуарбекқызы Апышева, қаржы және есеп кафедрасының меңгерушісі:

– «Қаржы және есеп» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты 2020 жылдың қыркүйегінен бастап жалақыны тағы 35%-ға арттыруды орынды деп санайды.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы оқу процесін жетілдіруге бар күшін салып, ғылымға үлкен үлес қосуда, тәрбие және кәсіптік бағдарлау жұмыстарына белсенді қатысып, университетті дамыту үшін барлық күш-жігерін жұмсап келеді.

Асыл Амангелдіқызы Сәбитова, Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасының меңгерушісі:

– Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасының оқытушылары атынан жоғары оқу орнының ректоры М.Ә. Төлегенге ШҚУ-дың барлық қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамына кезекті еңбекақыны көтеру түріндегі шынайы қамқорлығы үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

Сіздің ұжыммен өзара қарым-қатынас саясатыңыз бізге өз жұмысымызға деген сүйіспеншілікті оятады, Сіздің ұжым қызметкерлеріне үнемі қамқорлық жасауыңыз терең құрмет сезімін тудырады.

Жалақының 35%-ға өсуі – бұл Үкіметтің нормативтік актісінде көзделгеннен де артық сома және бұл бүкіл халықтың өмір сүру деңгейінің нашарлауына әкеп соққан індетке қарамастан Сіз жалақымызды едәуір арттыруға мүмкіндік таптыңыз. Сізге үлкен рақмет!

Сіздің күш-жігеріңіз, ұжымға деген қамқорлығыңыз бізді өз жұмысымызды және сіздің тапсырмаларыңызды мінсіз орындауға, біртұтас қуатты ұжым екенімізді сезінуге ынталандырады. С. Аманжолов атындағы ШҚУ-ды кәсіби және құзыретті басшы, барлық қиындықтарды түсінетін әдепті әрі мейірімді жан басқарады деп санаймыз. Сізге зор алғысымызды білдіреміз.

Ержан Богданұлы Домалатов, экономика және басқару кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы:

– Ағымдағы жылда Ұлттық сенім кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЖОО оқытушыларының жалақысын көтеруді тапсырған болатын. Оны естіген біз бір қуанып қалдық, ал шілде айында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ЖОО оқытушыларының жалақысы қыркүйек айынан бастап орта есепппен 21-32%-ға өсетінін айтқанда еселеніп қуандық.

Міне, Ұстаздар күні қарсаңында С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген оқытушылар жалақысын елдегі университеттер арасында алғашқылардың бірі болып 35%-ға өсіріп отыр. Бұл – ректор тарапынан көрсетілген үлкен қамқорлық. Себебі, осындай әлеуметтік-экономикалық қиын заманда жалақыны 21%-ға да өсіруі де мүмкін еді, немесе мүлдем өсірмей қоюы да ықтимал еді. 

Әрине, бұл – оқытушылар үшін үлкен қуаныш және мақтанарлық іс. Осыған дейін де университетте барлық оқытушылар мен қызметкерлердің жалақысы 2019 және 2020 жылдары 2 рет көтерілген болатын (50%-ға). Аталған әлеуметтік қолдау – ректордың оқытушыларға деген үлкен сенім артқандығының белгісі. Ал осыны сезінген біздер үшін ол үлкен серпіліс бергені сөзсіз. Атап айтқанда, білім беру сапасын одан ары арттыруға, студенттердің кәсіби құзыреттіліктері мен бәсекеге қабілеттілік дағдыларын қалыптастыруда аянбай енбек етуге ұмтылу керектігін білдіреді. Білім сапасының артуы елдің дамуымен тығыз байланысты екенін ұмытпаған абзал.

Барша ұстаздар қауымының атынан ректор Мұхтар Әділбекұлына шын жүректен алғысымды білдіре отырып, төл мерекеміз – Ұстаздар күнімен құттықтаймын! 

Баспасөз қызметі 

 

Қазақ
× You found a Typo