Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

С.Аманжолов атындағы шәкіртақыны тағайындау байқауы тәмамдалды

7 ақпан күні 25 үміткер байқаудың екінші кезеңіне шақырылып, ШҚМУ әкімшілік ғимаратының қабырғасында, «Мәңгілік Ел» ғылыми-білім беру орталығында өздерінің ғылыми жетістіктерін әділқазылар назарына ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, С.Аманжолов атындағы шәкіртақы студенттердің ғылыми қызметін ынталандыру, сондай-ақ, тілтанушы-түрколог, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі С.Аманжоловтың есімін мәңгілік ету мақсатында тағайындалады.

Ай сайын бір оқу семестрі бойы 15 000 теңге көлемінде беріледі. Шәкіртақы байқауының  жеңімпазын анықтау байқау комиссиясына оңай тиген жоқ, үміткерлер арасындағы бәсеке қызу өтті.

Байқауды барынша әділ өткізу мақсатында тәуелсіз сарапшылар да шақырылған еді, олардың қатарында Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ, жастар ортасындағы жағдайды талдау және мониторингілеу секторының басшысы, жеке кәсіпкер Коротин С.В. болды. Ұзақ талқылаудан кейін, жеңімпаз есімі де жарияланды.

2016-2017 оқу жылының екінші семестріне арналған С.Аманжолов атындағы шәкіртақының иегері атануға «Ядролық физика» мамандығының 4 курс студенті Оспанова Жанна лайық деп табылды.

Жеңісімен құттықтай отырып, жаңа ғылыми табыстар тілейміз!

         Студенттер мен жас ғалымдардың

ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы  

Қазақ
× You found a Typo