Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

С.Аманжолов атындағы шәкіртақы иегері 4 курс студенті Айгүл Елубай атанды

12 ақпан күні 20 үміткер байқаудың екінші кезеңіне шақырылып, ШҚМУ әкімшілік ғимаратының қабырғасында, «Назарбаевтану» ғылыми-білім беру орталығында өздерінің ғылыми жетістіктерін әділқазылар назарына ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, С.Аманжолов атындағы шәкіртақы студенттердің ғылыми қызметін ынталандыру, сондай-ақ, тілтанушы-түрколог, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі С.Аманжоловтың есімін мәңгілік ету мақсатында тағайындалады.

Ай сайын бір оқу семестрі бойы 15 000 теңге көлемінде беріледі.

Шәкіртақы байқауының  жеңімпазын анықтау байқау комиссиясына оңай тиген жоқ, үміткерлер арасындағы бәсеке қызу өтті.

Байқауды барынша әділ өткізу мақсатында тәуелсіз сарапшылар да шақырылған еді, олардың қатарында: Мырзагалиева А.Б. оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор, б.ғ.д., қауымдастырылған профессор, комиссия төрайымы; Сейткан А.С. – ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі департамент директоры, тех.ғ.к., PhD докторы; Алимбекова Н.Б.– сапа менеджменті, мониторинг және болжау бөлімінің бастығы; Мухамедиева А.Г. – экономика және құқық факультетінің деканы, экон.ғ.к., доцент; Айткожина С.К. – жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті деканының м.а.; Жанбосинова А.С. – тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің деканы, т.ғ.д.; Куленова Г.Б. – психология, педагогика және мәдениет факультетінің  деканы, мед.ғ.к.

Ұзақ талқылаудан кейін, жеңімпаз есімі де жарияланды. 2017-2018 оқу жылының екінші семестріне арналған С.Аманжолов атындағы шәкіртақының иегері атануға «Дефектология» мамандығының 4 курс студенті Елубай Айгүл лайық деп табылды.

Жеңісімен құттықтай отырып, жаңа ғылыми табыстар тілейміз!

Біздін instagram  және facebook  тіркелініз 

    Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы

Қазақ
× You found a Typo