Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Абайтану» дәрістері өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының оқытушылары, магистранттары және студенттері үшін абайтанушы, ф.ғ.д., профессор А.М. Картаева «Абайтану» дәрістерін өткізді.

Абай кемеңгерліктің кескін келбетін «Адам болам десеңіз...» деп бастайды. Жаңғыру жолының дәуір таразысы Абай қоржынында. Ғұмырдария ғұламасын таныту, оның жүрегіне терең бойлау қазақ баласы үшін рухани тәрбиеге сусындаудың негізгі жолы.

Дәрістің мақсаты – Абайдың ақындық, хакімдік мұрасын студенттерге таныта отырып, ақынның «толық адам»  ілімін жан-жақты түсіндіру. Абайдың «толық адам» ілімі туралы  ғылыми-теориялық  түсінік бере отырып, студенттердің бойына адамгершілік, ізгілік нәрін себу.   

Екі күнге жалғасқан «Абайтану» дәрістері барысында Айжан Маратбекқызы: «Абайтану – ұлттық идеологиямыз. Хәкімнің өлең жолдарындағы ең асыл мақсаты - ғылымды меңгеру»,- дей тұра, «бес дұшпан» қасиеттен ада болып, «бес асыл» қасиетті бойыңа дарытпасаң, ғылымнан да опа жоқ»,- сөз бастады. Сондай-ақ "адам деген атқа лайық болуға, өзіңді өзің толық танып, адамдықтың шыңына жетудің жолын таңдау қажет», – деп  сабақтады.

Тарихтың қадау қойнауының киелі дүниесін бізге жеткізген абайтанушы ғалымдар Мекемтас Мырзахметұлы мен Зәки Ахметовтың зерттеулеріне тоқталып, Абай туралы жазылған естеліктерді жеткізе отырып, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын оқу әр жастың міндеті екенін қадап айтты.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика каферасының меңгерушісі, ф.ғ.к. С.Қасенов: «Абайдың білімі мен ілімі екі дүниеге, пәни мен бақиға арналған. Ол - күллі адамзатқа қажет білім мен ілім. Сондықтан, Айжан Маратбеқызы, сіз оқыған дәрістер біздің студент жастарымыз үшін асаң маңызды», – деп  қатысушылар атынан алғыс білдірді.

Иә, құлақ қойып тыңдаған тыңдарман үшін дәріс тек танымдық дүние ғана болып қоймай, Абай ілімін аңсап оқуға, құмартып іздеуге жүректерге жол салғаны анық.

Ақтолқын Жансапова,

«Журналистика» мамандығының 2-курс студенті

Қазақ
× You found a Typo