Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да ақындардың келелі кездесуі өтті

Университет жанынан құрылған «Ертіс толқыны» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен кездесудің құрметті қонақтары ҚР жазушылар одағының ШҚО бөлімшесінің төрағасы Әлібек Қаңтарбаев және ақын Әскерхан Ақтай.

Бір жарым сағатқа созылған кездесу барысында жас ақындар ойларын ортаға салып, қадірлі қонақтармен пікір алмасты. Өз кезегінде Әлібек Қаңтарбаев жастардың ұсынысын тыңдап, алдағы уақытта жас ақындарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Облыстық «Дидар» газетінің тілшілері Мұратхан Кенжехан мен Есімжан Нақтыбай өз пікірлерін білдіріп, газет бетіне ақындардың өлеңдерін жариялап, ақпараттық қолдау білдіретіндігін айтты. Сондай-ақ талантты ақын жастарды Республика көлемінде танытып, кітаптарын һәм антологиялық жинақ шығару мәселесі күнтәртібіне қойылды.

Жастар, университет тарапынан көрсетілеген осы қолдауды мәдениет басқармасы да қолға алып, әдеби-мәдени шаралар өткізіп тұрса - деген тілектерін білдірді. Әнмен әрленіп, өлеңмен өрнектеліп, күймен көмкерілген көңілді кездесу болды.

Шараны өткізген С. Аманжолов атындағы ШҚМУ жанынан құрылған «Ертіс толқыны» шығармашылық орталығының жетекшісі Дүргінбай Хызырбек.

Біліктілікті бекіту орталығы

Қазақ
× You found a Typo