Сайысқа әр студенттер үйінен өте көңілді, белсенді, әзілге жаны жақын үш команда қатысты. Атап айтсақ, №3 студенттер үйінен "Online" командасы, №4 студенттер үйінен"Керемет" командасы және №5 студенттер үйінен "5 саусақ" командасы. Сайыс 3 кезеңнен тұрды:
1-кезең: Таныстыру; 2-кезең: 5 жаңалық; 3-кезең: Үй жұмысы.
Әр кезең өзінше қызық әрі жақсы деңгейде өтті. Ал, осы қатысушыларымызды сынға сала отырып, оларға әділ бағаларын бере білген әділқазыларымыз жастар ресурстық орталығының маманы Маxмутов Ерасыл, тәжірбиелі жайдарманшы Муратбекұлы Бауыржан және Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Батырбай Әбілxайыр болды. Қатысушыларымыз да ұтымды әзілдерімен көрерменнің бар назарын өздеріне аудара білді. Сайыс қорытындысы бойынша "Керемет" және "5 саусақ" командалары алғыс xаттармен марапатталса, ал бас жүлдені "Online" командасы қанжығаларына байлады.
Жеңімпаз команданы құттықтай отырып, алдағы уақытта да осындай қызық та көңілді кештеріміз көп болғай дегіміз келеді.