Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың түлектерін жұмысқа бөлу рәсімі

Бекітілген кестеге сәйкес мамырдың 12-19 аралығында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 2020 жылы оқуды мемлекеттік білім беру гранты, соның ішінде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасы және ауылдық квотасы бойынша бітіретін студенттерін жұмысқа бөлу комиссиясының отырыстары өтті.

Ағымдағы жылы университетте 79 – мемлекеттік білім беру гранттың иегері, 18 – ауылдық квотасы және 152 – «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасының студенттері жұмысқа бөлінді.

Отырыстар аясында студенттер тапсырылған растайтын құжаттарына сәйкес жұмысқа бөлініп, сұрақтарына жауап алды.

Түлектерді жұмысқа бөлу процедурасы дистанциондық түрде жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта студенттер электрондық жұмысқа жолдамаларын алып, және электронды өтініштер, міндеттемелер және басқа құжаттарды толтырып жатыр.

Студент-грантистердің көмегіне университеттің ресим сайтында, «Жұмысқа орналастыру» бөлігінде, «Студент назарына» қойындысында Қаржы орталығының презентациясы, студент-грантистке арналған жадынамасы және толтыруға арналған барлық құжаттардың үлгілері орналастырылған.

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Қазақ
× You found a Typo